Қысқаша ақпарат
2016 жылдың 1 қаңтар айы бойынша Орталық тыңдаушыларының жалпы құрамы 1050 тыңдаушы (65 топ), соның ішінде мемлекеттік тілде оқитындар саны 830 тыңдаушы (51 топ), ағымдағы жылдың І жартыжылдығының қорытындысы бойынша тыңдаушылар саны 1065 адамды құрады (66 топ), бүгінгі таңда мемлекеттік тілді үйреніп жүргендер саны 845 адам (52 топ)
Орталық азаматтарды ағылшын тілін оқуға қатыстыру бойынша жұмысты жалғастыруда, олардың жалпы құрамы 190 тыңдаушы (12 топ).
«Қазақстандықтардың тілдік мәдени деңгейін арттыру», «Лингвистикалық капиталды дамыту» үшін қолайлы жағдайлар жасау сияқты мемлекеттік бағдарламаның бағыттарын ойдағыдай жүзеге асыру мақсатында Орталықта 30 адам (2 топ) неміс және француз тілдерін оқыды, сондай-ақ, көптілділікті сақтауды қамтамасыз ету үшін, туған тілді оқытуға жағдайлар жасау үшін этнос өкілдері иврит тілін 15 тыңдаушы оқыды (1 топ), қазіргі таңда орыс тілін 15 адам (1 топ) оқып жүр.
2011-2020 жылдарға арналған тілдерді дамыту және қолданудың мемлекеттік бағдарламасының мақсаттың индикаторларына сәйкес Орталық ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша мемлекеттік тілді меңгеруге диагностикалық тестілеуді жүйелі түрде өткізеді, 2015 жылы осы тестілеу 391 адамды қамтыды, соның ішінде мемлекеттік қызметшілер және Рудный қаласының ішкі істер басқармасының қызметкерлері, ал, 2016 жылдың І жартыжылдығында Орталықта диагностикалық тестілеуден 413 адам өтті, олар: құқық қорғау органдарының қызметкерлері, қала мектептерінің түлектері.
Орталық жаңалықтары
09 қараша 2016 ж.
сағат 11.00-де
«ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығын мерекелу шеңберінде,
Ы. Алтынсариннің 175-жылдық мерейтойына, Қостанай облысы құрылғанына 80 жыл мерексіне» орай "Тіл шебері" байқауы өтіледі.
Өтілуі орны: "Рудный орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ базасында.
01 - 25 қараша 2016 ж.
ралығында ҚАЗТЕСТ жүйесінің А1 (қарапайым), А2 (базалық) деңгейлері бойынша №111, №112, №120, №121, №229, №236, №234, №224, №225, №229, №236, №230 топтарында аралық, қорытынды бақылау өтіледі.
2018 жылдың 20 сәуір күні «Тілдарын» облыстық олимпиадасы өтті. Осы байқауға «Ы.Алтынсарин ат. Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі» студенті Жұлдызай Куватова қатысты. Барлық үш кезеңде өзінің мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін меңгергендігін көрсете білді. Нәтижесінде Жұлдызай Куватова «Тіл шебері» номинациясына ие болып, диплом және ақшалай сертификатымен марапатталды.