top of page
"КГУ "Городской Центр обучения языкам" акимата города Рудного"
ҚАЗТЕСТ ЖҮЙЕСІ – Қазақстан Республикасындағы азаматтардың жәнеҚазақстан Республикасының аумағында қызмет ететін шетелдік азаматтардың мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау. Бұл жүйе 2006 жылы құрылып, халықаралық тілдік білімді бағалаудың TOEFL, IELTS, DALF/DELF, СЕLI, DSH, TÖMERИ, ТРКИ және т.б. жүйелерінің қағидаттарына негізделген.
Қазақстан Республикасындағы азаматтардың және Қазақстан Республикасының аумағында қызмет ететін шетелдік азаматтардың мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау.

Қазтест жүйесінде тілдік білімді бағалаудың деңгейлік жүйесі негізге алынды:

ҚАРАПАЙЫМ, БАЗАЛЫҚ ОРТА, ОРТАДАН ЖОҒАРЫ, ЖОҒАРЫ ДЕЙГЕЙЛЕР.

Тестіленуші, деңгейлік шәкілі бойынша белгілі бір көрсеткіштерге жеткен адам, өз көрсеткіштерін дайындық курстарында және қол жеткізуге қажетті деңгейін арттыруға  мүмкіндігі бар, өйткені ҚАЗТЕСТ сатылы бірізділікке бағынады.

ТЫҢДАЛЫМ

БІРІНШІ БӨЛІК

Оқылған мәттінің меңгеру дәрежесін төрт деңгеймен бағаланады:

1. Көріністік меңгеру

2. Жалпы меңгеру

3. Толық меңгеру

4. Терең сынай меңгеру

Сынақтама тапсырмаларын орындандау ережелері

  • Сынақтаманы мұқият тыңдаңыз

  • Естіген ақпаратты есте сақтаңыз

  • Оның мазмұнына және грамматикалық құрылымына көңіл аударыңыз (уақыт, сан)

  • мәтінді тұтастай қабылдау қажет

ЛЕКСИКА-ГРАММАТИКА

ЕКІНШІ БӨЛІК

Лексика-грамматикалық материалды меңгеру, тілді қолдана білу, қарым-қатынаста қолдану  деңгейін хатта функционалдық және коммуникативтік тұрғысына қарай бағаланады. Тест тапсырмалары лингвистикалық құзыретті тілдің құрылымы туралы түсінігі мен қажетті белгілі бір коммуникативтік міндеттерді шешу бағытының деңгейін бағалауды көздейді.

 

ЛЕКСИКА-ГРАММАТИКАЛЫҚ БӨЛІКТІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

  • Тестіленушіге өз мүмкіндіктерін тексеру үшін Бастапқы  70 тест тапсырмасы ұсынылады

  • Лексикалық және грамматикалық тақырыптарды  тиісті ереже мен мысалдармен түсіндірілген

  • Тест тапсырмаларының талдауы белгілі бір тақырып бойынша беріліп, дұрыс жауабы тұспалданған

  • Осы тақырыптатілдік дағдыларын қалыптастыру мақсатында жауапсыз тест тапсырмалары берілген

  • Әр тақырып бойынша  тілдік дағдыларын бекіту үшін оқу құралында қосымша жаттығулар берілген

  • Қорытындыға арнайы 70 тест тапсырмалары жазылған

Құрылымның тест тапсырмаларын орындау үшін 50 (65) минут бөлінеді

ОҚЫЛЫМ

ҮШІНШІ БӨЛІК

Оқылым мақсаты – әртүрлі мазмұнды және түрлі стильдегі мәтіндерді оқу барысында түсінгенін тексеруге арналған тапсырмалар. Анықтау және бағалау құзырет деңгейін тапсырманы оқу орындау нәтижесімен мынадай нысандар бойынша анықталады: 

• танысу                                                              • жүгірте

      • зерттеу элементтерімен оқу                         • қарастыру

БҰЛ ҚҰРЫЛЫМДА ТЕКСЕРІЛЕДІ

  • мәтіннің жалпы мазмұнын түсіне білу

  • мәтіндегі қажетті ақпаратты таба білу

  • мәтіннен негізгі ақпаратты жеткілікті толық және дәл түсіне білу

  • мәтін бойынша негізгі және ауыспалы ақпаратты анықтай білу және түсіну

  • мәтін бойынша сұраққа қажетті ақпарат таба білу

  • мәтіндер бойынша әлеуметтік-мәдени байланыстыдұрыс талдай және түсіне білу

  • ресми құжаттаманын мазмұнын дұрыс талдау және түсіну

  • оқылғанға өз пікірін, іскерлігін қалыптастыру

"КГУ "Городской Центр обучения языкам" акимата города Рудного"

Мәтін көлемі:

  • А1 – 1-3 сөйлем 100 сөзге дейін

  • А2 – 5-10 сөйлем 200 сөзге дейін

  • В1 – 200-400

  • В2 – 300-400 слов

  • С1 – 400-600 слов

Бір мәтін бойынша

тапсырмалар саны:

  • А1 – 2-5

  • А2 – 5-6

  • В1 – 7-12

  • В2 – 12-13

  • С1 – 15-20

ОҚЫЛЫМ БӨЛІГІНІҢ ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ

  • Сөйлемді толықтырыңыз

  • Мәтінге сәйкес келмейтін ақпаратты таңдаңыз

  • Мәтіннің басты тірек сөздерін табыңыз

  • Мәтінге сәйкес келетін ақпаратты табыңыз

  • Мәтінде жауабы бар сұрақты таңдаңыз

  • Мәтін бойынша неғұрлым толық және дәл келетін ақпаратты табыңыз

  • Мәтінге сәйкес келетін жауапты табыңыз (сұрақ-жауап)

  • Мәтіннің негізгі ойын анықтаңыз

  • Мәтіннің ең дәл тақырыбын таңдаңыз

  • Мәтіннің мазмұнын нақтылайтын қорытынды таңдаңыз

  • Аса маңызды өкілдік етпейтін ақпарат таңдаңыз

  • Автордың ойын айқындайтын ақпарат табыңыз

  • Мәтінде оң/теріс анықтайтын ақпараттың нұсқасын табыңыз

  • Мәтін мазмұнындағы басты ақпаратқа қарама-қарсы ақпаратты  таңдаңыз

  • Мәтіндегі байланыс себебін анықтаңыз

  • Мәтін мазмұнына қажетті қосымша ақпаратты табыңыз

  • Мәтін аннотациясын толықтырыңыз

  • Мәтін мазмұнының тәртібін, реттілігін көрсетіңіз

  • Мәтін бойынша ең маңызды сөйлемін табыңыз

  • Мәтін бойынша мазмұндағы деректер олардың маңыздылығын (маңыздылығы) таңдаңыз

  • Тақырып бойынша қосымша ақпаратты таңдаңыз

ЖАЗЫЛЫМ

ТӨРТІНШІ БӨЛІК

Жазбаша жұмыстар мынадай белгілер бойынша бағаланады және тексеріледі:

  • жазба жұмыстарының грамматикалық сауаттылығы

  • жазба жұмысының мазмұны

  • жазба жұмысындағы тілдік құралдарды пайдалану сапасы

  • жазбаша тапсырманы орындау кезінде тілді қолдана білу дәрежесі

ТАПСЫРМАНЫ ДҰРЫС ОРЫНДАУ ҮШІН:

  • диктант мәтінін мұқият тыңдау (А1, А2)

  • сөздер мен сөз тіркестерінің ережелерін еске түсіру

  • оқу  интонациясына, үзіліске назар аударып, тыныс белгілерін дұрыс қою

  • мазмұнын, сұрақтардың мағынасын түсіну

  • жауаптарда кейбір сөздерді басқа, жақын мәні бойынша сөздермен, алмастыру

  • диктант мәтінін мұқият тыңдау (А1, А2)

  • сөздер мен сөз тіркестерінің ережелерін еске түсіру

  • оқу  интонациясына, үзіліске назар аударып, тыныс белгілерін дұрыс қою

  • мазмұнын, сұрақтардың мағынасын түсіну

  • жауаптарда кейбір сөздерді басқа, жақын мәні бойынша сөздермен, алмастыру

 «Жазылым» бөлігі бойынша бағалау деңгейі, Сертификацияның «Жазылым» бөлігі деңгейімен және ҚАЗТЕСТ жүйесінің жазбаша жұмыстарды тексеру ережелерімен тексеріледі.

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тестілеу 2 КЕЗЕҢНЕН тұрады:

1 КЕЗЕҢ – ҚАЗАҚ ТІЛІН МЕҢГЕРУ ДЕҢГЕЙІН АНЫҚТАУ (ЖАЛПЫ МЕҢГЕРУ).

Тестіленушінің қазақ тілін меңгеру деңгейін айқындау үшін балдық шәкіл бойынша тест тапсырмалары ұсынылады

(мысалы, тестіленуші 150 тапсырмадан 110 балл алса, сол арқылы қазақ тілін меңгерудің орташа деңгейі айқындалады).

ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ТЕСТІЛЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Пайдаланушының тіл деңгейі қандай екенін анықтау үшін халықаралық жүйелердің тілдік білімді бағалауымен сәйкес, Тыңдалым, Оқылым және Лексика-грамматикалық бөліктерден 150 тест тапсырмаларының жабық түрде беріледі. Тестілеу нәтижесі қазақ тілін меңгеру деңгейі бойынша шамаланған сәйкестік шәкіл бойынша анықталады.

СЕРТИФИКАЦИЯЛЫҚ ТЕСТІЛЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Тіл қолданушы тестілеу негізінде өткен нәтижелері бойынша Тыңдалым, Оқылым, Жазылым және Лексика-грамматикалық бөліктері бойынша емтихан тапсырады. Тыңдалым, Оқылым, жазылым және Лексика-грамматикалық бөліктер бойынша 150 тест тапсырмалары ұсынылады, Жазылым бөлігінде тапсырушының деңгейіне байланысты диктант, мазмұндама немесе эссе беріледі. Егер тестіленуші әрбір бөліктің тапсырмаларының 60% - на  жауап берсе, онда тапсырылған деңгейге сертификат беріледі. Жазылым бөлігін тексеру үшін арнайы сарапшы мамандар шақырылады.

2 КЕЗЕҢ – ҚАЗАҚ ТІЛІН МЕҢГЕРУ ДЕҢГЕЙІН БАҒАЛАУ.

Тестіленушіге тиісті (орта) деңгейде тест тапсырмалары ұсынылады. Тестілеу жалпы меңгеру, сондай-ақ белгілі бір деңгейде үш бөліктер бойынша жүзеге асырылады: тыңдалым, лексика-грамматика және оқылым. Жалпы тестті орындау үшін 2 сағат 30 минут және жауап парақтарын толтыруға 10 минут беріледі.

"КГУ "Городской Центр обучения языкам" акимата города Рудного"

ӘР БӨЛІКТІ ОРЫНДАУҒА БӨЛІНЕТІН УАҚЫТ

Тыңдалым:                                     30 тест тапсырмалары, 25 минут

Лексика-граматикалық бөлік:   70 тест тапсырмалары, 65 минут

Оқылым:                                        50 тест тапсырмалары, 60 минут

Жазылым:                                      2-4 тапсырма, 30-50 минут

Тест түрі:                                        ұсынылған 4-тің таңдау дұрыс жауабын таңдау.

АҚПАРАТТЫҚ ЖИНАҚ

Ақпараттық жинақта Қазақстан Республикасында азаматтардың қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау туралы ҚАЗТЕСТ жүйесінде мәліметтер ұсынылған. ҚАЗТЕСТ жүйесінің тарихы, ақпараттық деректер, қазіргі жай-күйі мен даму жолдары және қазақ тілінің оқу процесінің мазмұны мен жүйесінің рөлі  ұсынылған.

"КГУ "Городской Центр обучения языкам" акимата города Рудного"
"КГУ "Городской Центр обучения языкам" акимата города Рудного"

ҚАЗТЕСТ жүйесінің ресми сайтына КӨШУ

 

Қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау бойынша интерактивті тестілеу және жүйе туралы  ақпараттар ұсынылған.

bottom of page